Шымкент қалалық Полиция департаменті кәсіпкерлік нысандардың бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген 20 шетел азаматы анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция заңсыз көші-қонға қарсы тұру, оның арналарын бөгеу және адам саудасы фактілерінің алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізген.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша материалдар жинақталып, әкімшілік сотқа жолданды. Бұдан бөлек, нысан басшысы заңсыз еңбек мигранттарын пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, іс-шара барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағына келу, кету және тұру ережелерін бұзудың 100-ден астам фактісі анықталды. Әрбір жағдай бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды.