Мемлекет басшысы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында бес дүркін әлем чемпионы Кристина Шүмекованы «Парасат» орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айта кетейік, Кристина Шүмекова – Туризм және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшысы. Ол жуырда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарда, әйелдер арасындағы командалық жарыста, сондай-ақ, кіші көпсайыста алтын медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, 3000 метр қашықтықта екінші орында мәреге жетіп, күміс жүлдеге ие болды.