Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 493,85 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,62 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 6 наурызға арналған ресми доллар бағамы – 493,36 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 493,48 теңгеден сатып алып, 495,81 теңгеден сатып жатыр.
Астанада айырбастау орындарында долларды орта есеппен 492 теңгеден сатып алып, 499 теңгеден сатады.
Ал Шымкент қаласында долларды орта есеппен 493,7 теңгеден сатып алып, 495,77 теңгеден сатады.