Президент бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградалармен марапаттады

/
Президент бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградалармен марапаттады
Ақорда

Президент Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ қыз-келіншек наградталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

I дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Ыдырысова Шакира Нұржұманқызы – «Ыдырысова Ш.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы;

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

  • Еспаева Дания Мәдиқызы – Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары;
  • Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен
  • Өмірзақова Аягүл Оңталапқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
  • Райымқұлова Әйгерім Маралқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы;

 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

  • Перепечина Ольга Валентиновна – Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
  • Имашева Снежанна Валерьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты
  • Аманбай Ғазиза Абдықалыққызы – «І. Есенберлин атындағы № 25 гимназия» КММ директоры, Алматы қаласы
  • Бабашева Мәнсия Нұрғалиқызы – «Timal Consulting Group» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы
  • Исаева Маржан Таупыққызы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ансамблінің солисі
  • Қанатқызы Риза – «Астана Балет» театры» ЖШС балетінің бірінші солисі, Астана қаласы
  • Жұмағалиева Гүлсәнім Орынғалиқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі Президенттік оркестрінің маманы
  • Өмірзақова Гаухар Алтынбекқызы – «AlmaTime» тобының солисі, Алматы қаласы
  • Смышляева Екатерина Васильевна – Парламент Мәжілісінің депутаты
  • Өскембаева Жұлдыз Серікқызы – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті ансамблінің солисі;

 «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін

  • Белоусова Татьяна Геннадьевна – «№ 95 мектеп-лицей» КММ химия пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
  • Смирнова Ирина Владимировна – Парламент Мәжілісінің депутаты;

«Парасат» орденімен

  • Абдуллина Карина Абрековна – әнші, Алматы қаласы
  • Әлпейісова Қамал Әбілқасымқызы – жазушы, Астана қаласы
  • Шумекова Кристина Русланқызы – Туризм және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшысы
  • Батыршева Рухия Махмұтқызы – «Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК мүғалімі, Ақтау қаласы
  • Ысқақова Жеңіс Ермағанбетқызы – эстрада әншісі, Алматы қаласы
  • Смағұлова Зәуреш Қадырбекқызы – «Астана медицина университеті» КеАҚ Респираторлық медицина ғылыми-зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері;

«Ел бірлігі» орденімен

  • Усанова Руфина Касымовна – «Тугантель» облыстық татар мәдени орталығының төрағасы, Алматы облысы;

«Құрмет» орденімен

  • Әлиайдар Гүлжан Әлиайдарқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бөлімше меңгерушісі
  • Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы – Парламент Сенатының депутаты
  • Ахметжанова Зәйтуна Ғалиқызы – «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының Шалқар аудандық пошта байланысы торабы жеткізу қызметінің сұрыптаушысы, Ақтөбе облысы
  • Қалиева Айсұлу Қажымұратқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің бас инспекторы
  • Васильева Надежда Владимировна – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов ауданының 2-ауруханасы» МКК директоры
  • Дүзбаева Зоя Жұмағалиқызы – «Алтай ауданы «Горняк» мәдени-демалыс орталығы» КМҚК «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы
  • Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызы – Жоғарғы Соттың судьясы
  • Зейнелова Мария Александровна – еңбек ардагері, Астана қаласы
  • Казакова Светлана Михайловна – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК слесарі
  • Кармен Зарина Мұхтарқызы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы
  • Қасымова Салтанат Амангелдіқызы – Мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары
  • Левкович Жанна Юрьевна – «А. Текенов атындағы № 2 орта білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Павлодар облысының Тереңкөл ауданы
  • Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы – «Қуаныш» ЖШС директоры, Түркістан қаласы
  • Көшенова Шолпан Рудақызы – Бас прокуратура департамент бастығының орынбасары
  • Смағұлова Райхан Темірбайқызы – «Ақерке» балабақшасы» КМҚК директоры, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы
  • Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» КМҚК директоры, Абай облысы
  • Төребаева Гүлсімжан Орынбасарқызы – «Астана медицина университеті» КеАҚ бас маманы
  • Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ қызмет жетекшісі
  • Чалова Лэйла Рашидовна  – «Health and Science Center» жеке клиникасының бас дәрігері, Астана қаласы
  • Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы – «Өзенмұнайгаз» АҚ № 4 мұнай және газ өндіру басқармасының машинисі, Маңғыстау облысы
  • Шолтанова Зәрипа Есенбайқызы – «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК басшысы, Маңғыстау облысы;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Алтаева Гүлдариха Өтелбайқызы – «Алтай жер» ШҚ механикаландырылған тоқ меңгерушісі, Қостанай облысының Арқалық қаласы
  • Бескемпірова Айбарша Жолдасқызы – «Үштөбе-Айдын» ЖШС құрылтайшысы, Жетісу облысының Қаратал ауданы
  • Ісбасарова Қаншыкүл Тілеубайқызы – «№ 7 үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметкері, Шымкент қаласы
  • Мұхамеджанова Зәуре Есләмқызы – «ЗИКСТО» ЖШС сылақшысы, Петропавл қаласы
  • Сабырова Тамара Мағзомқызы – «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы, Атырау облысының Исатай ауданы;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

  • Липатова Оксана Владимировна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі
  • Айтмырзаева Роза Сатыбалдықызы – Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімінің бөлімше командирі
  • Сағадат Жаңылсын Дәуренқызы – Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Сузуки Канон – «Астана Балет» театры» ЖШС балет әртісі – бірінші балет солисі
  • Исмағамбетова Қарлығаш Ермекқызы – «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК қызмет басшысы, Көкшетау қаласы
  • Аппазова Зарина Жеңісқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы орталық әскери оркестрінің аға музыканты
  • Жидебаева Сәуле Әуезқызы – еңбек ардагері, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы
  • Қарамурзина Маржан Жолаубайқызы – Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі
  • Корчагина Наталья Викторовна – Президент Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК инженері
  • Нарбекова Бану Мұқатайқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ басқарма мүшесі – проректоры
  • Төлеш Ботагөз Шоқанқызы – суретші, Астана қаласы
  • Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы – «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qyzylorda TV» Қызылорда филиалының бас редакторы, Қызылорда қаласы
  • Шилихина Татьяна Владимировна – «Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы» ЖШС Жәнібек АЭТ диспетчері, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы
  • Шолпанқұлова Мейранкүл Әубәкірқызы – «Боралдай Нан» ЖШС технологі, Алматы облысының Іле ауданы
  • Шопатаева Ақерке Бекғалиқызы – «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 үлгісіндегі әуе кемесінің екінші ұшқышы;

 «Шапағат» медалімен

  • Сурина Мария Алексеевна – «Ораз Жандосов атындағы № 105 гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
  • Кадын Аида Витальевна – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ студенті.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар