Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданған.
Жылдық инфляция 2026 жылғы ақпанда болжамдарға сай келіп, 11,7%-ға дейін төмендеді (қаңтарда – 12,2%). Инфляцияның барлық компоненті қарқынның төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі 12,7% (12,9%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6% (11,7%), ақылы қызметтер бойынша – 10,8% (12%) болды.
Дегенмен, айлық инфляция 2026 жылғы ақпанда жеделдеп, 1,1%-ды құрады. Базалық инфляция ақпанда 0,8% болды.
Базалық сценарий аясында бірінші жартыжылдықта Brent маркалы мұнайдың бағасы Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне байланысты сақталып отырған жоғары бағалар аясында бұрынғы алғышарттардан уақытша жоғары болатыны болжанады. Бұдан кейін әлемдегі сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің нәтижесінде мұнай бағасы 1 баррель үшін 60 АҚШ долларына жуық деңгейге дейін біртіндеп төмендейді деп болжанады. Болжамға сәйкес, 2026 жылы баға орта есеппен 1 баррель үшін 66,3 АҚШ долларын құрап, кейінгі жылдары 60 АҚШ доллары деңгейінде тұрақталады.
Неғұрлым жоғары мұнай бағасын ескере отырып, 2026 жылға инфляцияның болжамы нақтыланды. Бағалардың өсуі 9,5-11,5 шегінде бағаланады.