Жалпыұлттық коалиция өкілдері әлеуметтік қызметкерлермен Конституция жобасын талқылады

/
Жалпыұлттық коалиция өкілдері әлеуметтік қызметкерлермен Конституция жобасын талқылады
Жалпыұлттық коалиция

4 наурызда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері «Астана Әлеуметтік технологиялар» қоғамдық бірлестігі қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғамдық бірлестік 1 және 2 топ мүгедектігі бар, соның ішінде тірек-қимыл аппараты мен психоневрологиялық бұзылыстары бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысады. Қазіргі таңда ұйымда 30 қызметкер жұмыс істеп, 310 адамға әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен мәні толықтай түсіндірілді.

«Қазір Қазақстан тарихи кезеңде тұр. Жаңа Конституция Мемлекет басшысының жүйелі реформаларының бірі болып табылады. Бұл халық пен өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасалып жатқан маңызды құжат. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қарапайым тілмен көрсетеді: тегін медициналық қызмет алу, орта білім алу және басқа да әлеуметтік құқықтар қамтамасыз етіледі. 15 наурызда өтетін референдум халықтық сипатқа ие. Жаңадан құрылатын Халық кеңесі билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналады. Оның құрамына белсенді азаматтар, этнос өкілдері және өңірлердің мәслихат депутаттары кіреді. Олар халықтың мұң-мұқтажын жеткізумен айналысады. Баршаңызды референдумға қатысып, халықтың және балаларымыздың болашағы үшін дауыс беруге шақырамын», – деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

«Біз бір Отан, бір Қазақстан үшін бірігеміз. Менің белсенділігіме себепкер болған – менің ерекше балам. Барлық азаматтардың күнделікті көріп жүрген қиындықтарын мен де білемін. Астанада болып жатқан өзгерістерге атсалысуға тырысамын. Ертеңгі күні біздің балаларымыз қандай елде өмір сүретінін бүгінгі қадамдарымыз анықтайды. Сондықтан әрқайсыңызды 15 наурыз күні отбасыларыңызбен бірге референдумға қатысуға шақырамын. Әр дауысымыз – біздің болашағымыз. Қазақстанымыз гүлденсін», – деді Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Назгүл Мақжанова.

Кездесуге сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, Астана қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов қатысты.

Кездесу қатысушылары конституциялық өзгерістердің мәнін түсінгенін айтып, белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары