Меруерт Молдашева: Әйелдер форумы – әйелдердің әлеуетін арттыруға серпін беретін маңызды алаң

/
Меруерт Молдашева: Әйелдер форумы – әйелдердің әлеуетін арттыруға серпін беретін маңызды алаң

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық әйелдер қанатының жетекшісі Меруерт Молдашева Астанада өткен «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» форумының қоғамдағы әйелдердің стратегиялық рөлін айқындайтын маңызды алаң екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұл бастама әйелдердің қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуын арттырып, Конституцияның маңызын кеңінен насихаттауға және ел дамуына ортақ жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

«AMANAT» партиясының бастамасымен өткен «Әйел әлемі ел тағдырына жауапкершілік» атты форумы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айрықша маңызға ие бастама. Бұл әйелдердің мемлекет дамуындағы стратегиялық рөлін нақты іс жүзінде айқындайтын, олардың үнін еститін және пікірін ескеретін маңызды алаң.

Қазір Қазақстан әйелдері экономикада, білім мен ғылымда, кәсіпкерлікте, мемлекеттік басқаруда және азаматтық секторда табысты еңбек етіп, елдің тұрақты дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осындай форумдар олардың тәжірибесін ортаға салып қана қоймай, ұлттық құндылықтар мен заманауи даму талаптарын ұштастыруға мүмкіндік береді. Конституция –мемлекетіміздің іргетасы, әділетті қоғам құрудың негізгі кепілі. Сондықтан оның маңызын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және ел болашағына жауапкершілікпен қарау – ортақ міндет. Аталған форум қоғам бірлігін нығайтып, әйелдердің бастамашылдығын қолдауға, олардың әлеуетін арттыруға серпін беретініне сенім мол. Бұл – әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолындағы нақты әрі маңызды қадам», – деді М. Молдашева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары