Елордада еңбек ұжымдарына жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

/
Елордада еңбек ұжымдарына жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Жалпыұлттық коалиция

Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері елорданың абаттандыру және көгалдандыру саласындағы кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен – «Астана Зеленстрой» және «Астана орманы» мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесудің басты тақырыбы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы референдумды талқылау болды.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Татьяна Савельева, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Юсуп Келигов, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің мүшесі Елдос Абаканов, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының депутаттары Азамат Айтхожин мен Қанат Естек қатысты.

Кездесуді ашқан Татьяна Савельева жаңартылған Конституция жобасы адам құқықтары мен мүдделерінің басымдығын айқындайтынын атап өтті.

«Жаңа Конституция маңызды қағидатты бекітеді: мемлекет адам үшін қызмет етеді, керісінше емес. Бұған дейінгі жылдары басты назар мемлекеттілікті қалыптастыруға, билік институттарының өкілеттіктерін айқындауға аударылды. Бүгінде басымдықтар мен тепе-теңдік өзгеруде – адами капитал ел дамуының стратегиялық бағытына айналып отыр», – деді депутат.

Өз кезегінде Юсуп Келигов қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірліктің маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан әрқашан ұлтаралық және конфессияаралық бірліктің арқасында бейбітшілік пен тұрақтылықтың аралы болып келеді және солай болып қала береді. Қажет кезде жұдырықтай жұмыла білетініміз – халқымыздың басты ерекшелігі. Дәл осы бірліктің, татулықтың арқасында біз 30 жылдан астам уақыт бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз. Мұндай жетістіктермен кез келген ел мақтана алмайды», – деп атап өтті ол.

Кездесу барысында қатысушылар Негізгі заң жобасының негізгі бағыттарын талқылап, спикерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Іс-шара соңында коалиция өкілдері кәсіпорын қызметкерлерін жаңа Конституция жобасын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар