Қазақстанда стенд атудан әлем кубогінің кезеңі өтеді

/
Қазақстанда стенд атудан әлем кубогінің кезеңі өтеді
Оlympic.kz

Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Әлем кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары