Air Astana 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейсті орындады: Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау. Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды.
4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы. Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келеді, Алматыға 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға 20:45 ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген", - делінген Көлік министрлігінің хабарлмасында .
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.