946 қазақстандық арнайы рейстермен Таяу Шығыстан елге оралды – министрлік

/
946 қазақстандық арнайы рейстермен Таяу Шығыстан елге оралды – министрлік
istockphoto.com

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

  • KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
  •  KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
  •  KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
  •  KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары