Рудныйда қайғылы жағдай болды

/
Рудныйда қайғылы жағдай болды
istockphoto

Қостанай облысында кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала болжам бойынша «Газель» автокөлігінің жүргізушісі тұрғын үйдің ауласында артқа қарай жүріп бара жатып, баланы қағып кеткен. Кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерді аулалар мен тұрғын үй аумақтарында көлік жүргізгенде, әсіресе кері бағытта жүргенде аса сақ болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі жауапкершілікті арттыруды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары