93 млн теңге тапқан: Тикток эфирінде заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды

/
93 млн теңге тапқан: Тикток эфирінде заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды
istockphoto.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған екі сотталушыға қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушылар бірнеше дроперлердің «Kaspi bank» АҚ есеп шоттарын пайдалану арқылы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың маусымына дейінгі аралықта Шымкент қаласының аумағында «Тик Ток» және «YouTube» әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы «тринька» және «зарик» атауы бар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып 681 226 532 теңге (оның ішнде ұтқан адамдарға қайтарған ұтыс сомманы шегергенде өздеріне қалған 93 792 743 теңге) қылмыстық табысқа ие болғаны анықталған.

Сот, екі сотталушыны ҚК-нің 307-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, әр қайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары