"Бірінші рет емес": Нью-Йорктен Миланға билетсіз ұшып барған әйел ұсталды

/
"Бірінші рет емес": Нью-Йорктен Миланға билетсіз ұшып барған әйел ұсталды
сурет: istockphoto.com

АҚШ-та тұратын ресейлік әйел Светлана Дали билетсіз және құжатсыз Нью-Йорктен Миланға ұшып барған. Бұл оның алғашқы заңсыз саяхаты емес: 2024 жылы ол Парижге де ұшып барған. Бұл туралы Corriere della Sera хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйел экипаждың билет және заңсыз саяхат туралы сұрақтарына құлақ аспағандай әрекет жасаған. Ал әуе кемесі Boeing 777-200 Атлант мұхиты үстінде болғанда ғана экипаж оның заңсыз жолаушы екенін түсініп, бірақ рейсті жалғастыруға мәжбүр болған. Миланға жеткен соң Светлана Мальпенса әуежайында шекара полициясына тапсырылды.

Еске салсақ, Дали бұған дейін де Нью-Йорктен Парижге ұшып барған кезінде ұшу қауіпсіздігін айналып өтіп, әжетханада жасырынған. Кейін АҚШ-қа қайтарылған соң, ол электрондық білезігін шешіп, Канаданың автобусымен қашуға әрекет жасаған, бірақ жолда ұсталған. Бұған қоса, ол екі рет АҚШ әуежайларының жабық аймақтарында ұсталған.

Қазір құқық қорғау органдары әйелдің қалай бірнеше рет авиациялық бақылауды айналып өткенін анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары