Алматы – Екатеринбург автожолында 3 айлық сәби қаза тапты

/
Алматы – Екатеринбург автожолында 3 айлық сәби қаза тапты
istockphoto.com

27 ақпанда Алматы – Екатеринбург халықаралық маңызы бар автожолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz «Алау» басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 1993 жылы туған жүргізуші Audi автокөлігін басқарып, Қостанай бағытына қарай келе жатып қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Салдарынан JAC маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты нәтижесінде Audi көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ есін жимастан 2025 жылы туған жолаушы – алдын ала мәлімет бойынша, үш айлық қыз бала қайтыс болды.

Тағы бір жолаушыны құтқарушылар зақымданған көліктен арнайы құралдардың көмегімен шығарып алған. Қазіргі уақытта ол ауыр жағдайда медициналық мекемеде жатыр. Сонымен қатар JAC көлігінде болған екі адам зардап шекті.

Полицияның ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы күндізгі уақытта болған. Аталған учаскеде жол жабыны ақаусыз, ал көріну мүмкіндігі шектеусіз болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары