Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

/
Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар