«Қыздарды өз атыма рәсімдегім келді»: Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын айтты

/
«Қыздарды өз атыма рәсімдегім келді»: Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын айтты
жеке парақшасынан

Журналист Руслан Өтепбай көпшіліктің алаңдаушылығын тудырған Назгүл мен Құндыздың жағдайын білу үшін Тараз қаласына арнайы барып, апалы-сіңлілердің қазіргі жағдайымен танысып қайтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, қазір қыздар арнайы орталықта ем қабылдап, қауіпсіз ортада өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ қыздарды өз атына рәсімдеп алғысы келгенін, алайда құжаттар бойынша қиындықтар болғанын мәлім етті.

«Соңғы күндері көп оқырман апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыздың жағдайын сұрап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Соған орай арнайы Тараз қаласына барып, қос қарындасымның жағдайынан хабар алып қайттым.

Қазір қыздар Тараз қаласындағы арнайы орталықта ем қабылдап, сонда тұрып жатыр. Жағдайлары жақсы, көңіл-күйлері көтеріңкі. Орталықта оларға ем-дом жасалып қана қоймай, жатын орынмен де толық қамтамасыз етілген.

Қыздарды өз атыма рәсімдеп алайын деген ойым болды. Алайда бойдақ болғандықтан, құжат рәсімдеу барысында белгілі бір қиындықтар туындады.

Дегенмен ең бастысы апалы-сіңлі қазір қауіпсіз ортада, дәрігерлердің және мемлекеттің бақылауында. Ал мен дәл осылай ара-кідік жағдайларын білуге келіп тұрамын.

Қоштасарда Құндыз бен Назгүл «Біз үшін алаңдап жатқан барша қазақ еліне сәлем айтыңызшы» деп өтінді.

Ағайын, тағдыр талқысында қалған осы қыздарға жанашыр болып, дұға жасап жүрген баршаңызға үлкен рақмет.

Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары