Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін аталған лауазымда Айнұр Серғазиева қызмет атқарған болатын.