СІМ: Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ

/
СІМ: Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ
СІМ

СІМ Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың ушығуына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Дипломаттар азаматтармен тұрақты байланыста болып, тәулік бойы консулдық көмек көрсетуде.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген Сырты істер министрлігі таратқан хабарламада.

Соңғы деректерге сәйкес, қазір БАӘ-де шамамен 3 500, Сауд Арабиясында 3 000, Қатарда 1 500-ге жуық қазақстандық бар.

Дипломатиялық өкілдіктердің ақпаратына сәйкес, Иранда 82 Қазақстан азаматы, Бахрейнде – 168 азамат, Кувейт пен Иорданияда – әрқайсысында 134 азаматтан, Израильде шамамен 100 азамат тіркелген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары