Балуан Марлан Мұқашев Албаниядағы турнирде қола жүлдегер атанды

/
Балуан Марлан Мұқашев Албаниядағы турнирде қола жүлдегер атанды
Астана әкімдігі

Албания астанасы Тирана қаласында өткен Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында Қазақстан грек-рим күресі құрамасының өкілі, елордалық балуан Марлан Мұқашев (55 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жартылай финалда жерлесіміз Үндістан спортшысы Вишваджит Моремен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Марлан соңғы шешуші әрекеті арқылы есепті 12:12-ге теңестіріп, ереже бойынша соңғы нәтижелі қимыл артықшылығымен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз беделді халықаралық рейтингтік турнирдің қола медалін иеленді

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары