Елордалық балуан халықаралық жарыста қола медаль жеңіп алды

/
Елордалық балуан халықаралық жарыста қола медаль жеңіп алды
Астана әкімдігі

Албания астанасы Тирана қаласында өткен Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде белдескен елордалық балуан Гүлмарал Еркебаева үздік үштік қатарынан көрінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жұбаныш белдесуінде жерлесіміз Болгария өкілі Ванеса Георгиеваны 6:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде Түркия спортшысы Эльмира Ясинді 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші сатыға Үндістан құрамасы жайғасса, АҚШ үздіктер үштігін түйіндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары