Қазақстанның Ирандағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады

/
Қазақстанның Ирандағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады
istockphoto

Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстанның Тегерандағы елшілігі отандастарымызға шұғыл мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта елден тек құрлық жолдары арқылы шығу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Иран билігінің әуе кеңістігін жабу туралы шешімінен кейін тұрақты рейстер уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты Қазақстан елшілігі азаматтарды сабыр сақтауға және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Елшілік таратқан хабарламада қазақстандықтардың Иран аумағынан шығуы үшін құрлықтағы шекара бекеттерін пайдалану мәселесі пысықталып жатқаны айтылған. Азаматтар мына бағыттар бойынша елден шыға алады:

Иран – Әзербайжан;

Иран – Армения;

Иран – Түркия;

Иран – Түркіменстан.

Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден шығу бағытын нақтылау үшін тез арада ҚР дипломатиялық өкілдіктеріне хабарласу ұсынылады.

«Құрлық шекаралары арқылы өту мәселесін пысықтау үшін консулдық бөлімге  хабарласу керек», — делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар