Қазақстан Иран, Израиль мен басқа да бірқатар ел арқылы ұшақтардың ұшуын толық тоқтатты

/
Қазақстан Иран, Израиль мен басқа да бірқатар ел арқылы ұшақтардың ұшуын толық тоқтатты
Pixabay

Қазақстан Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты рейстер жөнінде ақпарат ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның ресми Telegram арнасында хабарланғандай, Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген жоғары қауіп деңгейіне байланысты Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерінің әуе кеңістігінде, ішінде және оған жақын аумақта ұшуларды арнайы өкім шыққанға дейін толық тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл нұсқау қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылар орындайтын барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушы, жүк және техникалық рейске қолданылады.

Сонымен қатар 28 ақпанда Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларының ұшу кестесіне мынадай өзгерістер енгізілді:

KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және KC207 Астана – Дубай рейстері ұшу әуежайларына кейін қайтады;

KC899 Алматы – Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды;

FlyArystan әуе компаниясының FS7617 Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуежайға қондырылды;

28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы қалған рейстер тоқтатылды.

SCAT әуе компаниясының 28 ақпан және 1 наурыз күндеріне арналған кестесінде Таяу Шығыс бағытындағы рейстер жоқ.

Шетелдік әуе компанияларының (Qatar Airways, AirArabia, Air Arabia Abu Dhabi, Flydubai, JazeeraAirways, Air Cairo, Red Sea) өкілдіктерінің ақпаратына сәйкес, әуе компанияларының бас кеңселері және туроператорлармен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленуде.

Ирандық әуе компанияларының кестесіне өзгерістер енгізілгені байқалады. Мәселен, QeshmAir әуе компаниясының 28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы рейстері тоқтатылды, ал Pars Air компаниясында 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында рейстер көрсетілмеген.

Әуе компаниялары мен әуежайлар жолаушыларды кестедегі барлық өзгеріс туралы уақтылы хабардар ету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде: хабарламалар SMS және e-mail тарату, мобильді қосымшалардағы push-хабарламалар арқылы жіберіледі, ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланады, сондай-ақ колл-орталықтар мен анықтамалық қызметтер арқылы хабарланады.

Жолаушыларға көмек көрсету мақсатында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық қызмет атқаратын болады: тел. +7 7172 79 82 13; +7 7172 79 82 14; +7 7172 79 82 15.

Рейстің мәртебесін анықтау үшін жолаушыларға мына байланыс нөмірлеріне хабарласу ұсынылады:

Air Astana +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;

FlyArystan +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);

SCAT +7 7252 99 88 80;

Qazaq Air +7 727 356 14 14

"Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай" АҚ: +7 7172 702 999 

"Алматы халықаралық әуежайы"АҚ: +7 727 228 00 19

Жолаушыларға рейстерінің өзекті мәртебесін алдын ала әуе компанияларының ресми сайттарынан тексеру қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар