Атырау облысында енесінің басына пышақ сұғып өлтірген келінге сот үкімі шықты

/
Атырау облысында енесінің басына пышақ сұғып өлтірген келінге сот үкімі шықты
istockphoto

Атырау облысындағы Жасқайрат ауылында енесін пышақтап өлтірген 39 жастағы келініне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сот айыпталушыны денсаулығына байланысты жазадан босатты. Белгілі болғандай келіншек параноидты шизофрения дертіне шалдыққан. Ол төсек тартып жатқан енесін өз әрекетінің мәнін түсінбей және ісіне бақылау жасай алмай өлтірген.

Сотта әйелдің әрекеті куәлардың жауаптарымен, сараптамалық қорытындылармен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденгені айтылды. Айыпталушының бес баласы бар. Үлкені — 10 жаста, ал кенжесі — бірде.

Еске салсақ, қанды қылмыс былтыр жазда болған.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 3-тармағында көзделген қоғамға қауіпті іс әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Сотталушыны интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатрлық бөлімде мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын", – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарема Хамидуллина.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар