ШҚО-да 600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы іске қосылады

/
ШҚО-да 600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы іске қосылады
АШМ

Шығыс Қазақстан облысында үш ірі инвестициялық аграрлық жобаны жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алтай ауданының Солоновка ауылында «Елжас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 600 бас ірі қараға арналған заманауи сүт-тауарлы фермасының құрылысы аяқталуға жақын.

Жоба мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылуда. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы шеңберінде шаруашылыққа 1,2 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.

Қазір симментал және голштин тұқымдарының 400 бас асыл тұқымды малы сатып алынды. Сонымен қатар шаруашылық 10 заманауи ауыл шаруашылығы техникасын иеленді. DeLaval компаниясының технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Ал сауу залы толықтай автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған, жұмысты бастауға дайын тұр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар