Түркістанда 60 жастағы науқастан 80 тас алынды

/
Түркістанда 60 жастағы науқастан 80 тас алынды
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан қалалық орталық ауруханасында 60 жастағы науқасқа тері арқылы жүргізілетін «цистолитотрипсия» отасы жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Пациент көптен бері кіші дәретке бару кезінде ауырсыну мен жайсыздыққа шағымданып келген. Амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен, оң нәтиже болмаған.

Кешенді диагностикалық зерттеулер барысында қуық қуысында көп мөлшерде тас жиналғаны анықталды.

– Дәрігерлер шешімімен науқасқа тері арқылы «цистолитотрипсия» отасы жасалды. Бұл ота шағын инвазивті, яғни тері тілігі аз (шамамен 1 см), оңалту кезеңі мен стационарлық емнің қысқалығымен ерекшеленеді. Ота барысында қуықтан 80 тас алынды. Хирургиялық ота сәтті іске асты, – деп хабарланды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өткен. Науқастан 3-тәулікте катетер алынып, 5 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты оң көрсеткішпен үйіне шығарылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары