Абай облысында жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды

/
Абай облысында жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды
Абай облысы ПД

Абай облысында полицейлер жоғалып кеткен баланы 15 минутта іздеп тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыс тұрғыны полицияға жүгініп, 8 жастағы ұлының көліктен түсіп, жоғалып кеткенін хабарлаған.

Ақпарат түскен сәттен бастап кезекші бөлім патрульдік экипаждарды жедел түрде оқиға орнына бағыттады. Атап айтқанда, “Барыс-615” экипажы құрамындағы Аслан Сейтқалиев пен Қуанышбек Мұшарапов, сондай-ақ “Барыс-653” экипажының қызметкерлері Жасұлан Оразғалиев пен Арман Акешев іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жақын маңдағы аулаларды, балалар алаңдарын, дүкендер мен өзге де қоғамдық орындарды мұқият тексерді.

Жедел әрі үйлесімді жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде бала небәрі 15 минуттың ішінде жақын маңдағы дүкендердің бірінен табылды. Оның жағдайы тексеріліп, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екені анықталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары