Доллар бағасы көтерілді

/
Доллар бағасы көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 501,75 теңгені құрап, 0,27 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 26 ақпанға белгілеген доллардың ресми бағамы – 501,26 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 498,93 теңге, сату бағамы – 501,41 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 495 теңгеден сатып алынып, 502 теңгеден сатылуда. Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 499,35 теңге, ал сату бағамы – 501,42 теңге.

Еске салсақ, 16 ақпандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 3,76 теңгеге төмендеді, 17 ақпанда – 1,91 теңгеге, 18 ақпанда – 0,74 теңгеге, 19 ақпанда – 0,11 теңгеге төмендеген. 20 ақпанда 4,89 теңгеге өсті, 23 ақпанда 1,29 теңгеге көтерілді, 24 ақпанда 0,45 теңгеге төмендеді, ал 25 ақпанда 4,02 теңгеге өсті.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары