Семсерлесуші София Актаева Азия чемпионатында қола медаль алды

/
Семсерлесуші София Актаева Азия чемпионатында қола медаль алды
Оlympic.kz

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.

София финалға шығу үшін өткен кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары