АҚШ-та ер адам 4 кісіні пышақтап тастаған

/
АҚШ-та ер адам 4 кісіні пышақтап тастаған

24 ақпан күні таңертең Вашингтон штатында тұрғын үй маңында болған қарулы шабуыл салдарынан бес адам қаза тапты. Олардың арасында 32 жастағы қылмыскердің өзі де бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Пирс округі полициясының сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында айтылған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті соттың байланысқа тыйым салу туралы талабын бұзған. Оқиға орнына келген офицерлер үйдің сыртында адамдарға пышақпен шабуыл жасап жатқан ер адамды анықтаған.

Полиция қызметкерлері шабуылдаушыға оқ атып, оны оқиға орнында залалсыздандырған.

Бұл оқиға жергілікті биліктің алаңдаушылығын туғызып отыр. Белгілі болғандай, сот бұйрығы күдіктіге тапсырылмағандықтан, заңды күшіне енбеген.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар