Доллар бағасы өсіп жатыр

/
Доллар бағасы өсіп жатыр
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақты орташа бағамы 497,33 теңге болып, 1,29 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 23 ақпандағы ресми доллар бағамы – 494,66 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа 495,32 теңгеден сатып алады, сату бағамы – 498,02 теңге. Астанада долларды орташа 494 теңгеден сатып алады, 501 теңгеден сатады. Шымкентте долларды орташа 497,3 теңгеден сатып алады, 498,38 теңгеден сатады.

Еске салсақ, 9 ақпанда күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақты орташа бағамы 0,1 теңгеге көтерілген, 10 ақпанда 2,64 теңгеге төмендеген, 11 ақпанда 1,31 теңгеге төмендеген, 12 ақпанда 3,22 теңгеге көтерілген, 13 ақпанда 1,49 теңгеге көтерілген, 16 ақпанда 3,76 теңгеге төмендеген, 17 ақпанда 1,91 теңгеге төмендеген, 18 ақпанда 0,74 теңгеге төмендеген, 19 ақпанда 0,11 теңгеге төмендеген, 20 ақпанда 4,89 теңгеге көтерілген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары