Баспаналы болу – басты арман

Баспаналы болу – басты арман

Баспаналы болу – басты арман
ашық дереккөзі
369
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы халыққа қаншалықты тиімді?» деген тақырыпта «Арай-2», «Арай-3» ықшамаудандарының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуге комиссия мүшелерімен бірге, облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев, заңгер-кеңесші Сәбитбек Алшынбеков және Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Абсұлтанов қатысты. Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инс­пекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Абсұлтановтың айтуынша, нақты кезеңде Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж 21593 отбасы кезекте тұр. Өткен жылы «Өңірлерді дамытудың – 2020» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласына қарасты Титов ықшамауданынан жас отбасыларға арналған 180 пәтерлі 3 тұрғын үй, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы 240 пәтерді құрайтын 5 ипотекалық үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы, онан бөлек, коммуналдық тұрғын үй қорынан 120 пәтер, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 350 пәтерлік 7 тұрғын үйдің кілті табысталған. «Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігінің ресми веб-сайтында жаңаланып отырады. Алдағы уақытта да азаматтар сондағы реттілік бойынша пәтермен қамтылатын болады», – дейді бөлім басшысы Қайрат Абсұлтанов. Кездесу барысында комиссия мүшелерімен сұхбаттасқан тұрғындар Елбасының халықты баспанамен қамту бағытындағы барлық бағдарламаларын толық қолдайтындықтарын және олардың тұрғындар үшін тиімді екенін айтты. Мәселен, Абзал Жұмабайдың бірден пәтер алуға қаржысы болмаған. Бүгінде ол «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» арқылы баспаналы болып отыр. «Несиені 20 жылға алдым. Айлық жалақымнан төлеп отырмын. Ең бастысы – баспанам бар, қалғаны өз ретімен болып жатыр», – дейді ол. Нұротандықтар кездесу соңында жұрттың ұсыныс-тілектерін тыңдап, сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Серіктес жаңалықтары