Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов өз еркімен лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Берік Шолпанқұлов бұл қызметке 2021 жылдың 5 сәуірінде тағайындалған.