Қырғыз елінен жалған шот-фактураларды жасаған күдікті экстрадицияланды

/
Қырғыз елінен жалған шот-фактураларды жасаған күдікті экстрадицияланды
Бас прокуратура

Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz..

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы күдікті мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке бюджетке 350 млн теңгеге жуық салық төлемеу түрінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың наурыз айында ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. 

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары