Алтын-Емел ұлттық паркінде сусарлар фототұзаққа түсіп қалды

/
Алтын-Емел ұлттық паркінде сусарлар фототұзаққа түсіп қалды
Скриншот

Алтын-Емел ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа тас сусарлары түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бақылау камерасы таулы-қыратты аймақта орналасқан. Кадрлар бұл жердің тас сусарлар үшін маңызды тіршілік орны және қозғалыс дәлізі екенін көрсетеді.

Тас сусар — епті, негізінен түнгі белсенді жыртқыш. Ол жартасты, таулы аймақтарды мекендейді, ұсақ жануарлар мен кеміргіштердің санын реттеп, экожүйе тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

«Фототұзақ деректері жануарлардың қозғалыс жолдарын, мекен ету аумағын, ғылыми мониторингті жүргізу мен қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары