Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоровтың Қазақстанға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мәнерлеп сырғанаушы Қазақстанға 21 ақпаннан кейін келеді. Жарыстар аяқталған соң Олимпиада чемпионы бірқатар ресми іс-шараларға қатысады. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 21 ақпанда мәнерлеп сырғанаушы Миланда өтетін гала-концертте өнер көрсетеді.
«Қазіргі уақытта Олимпиада чемпионы арнайы шоу-бағдарлама дайындап жатыр. Гала-концерттен кейін спортшы Қазақстанға оралады», – деді Қаженов.