Алаяқ Ақтау тұрғындарын 2 млн теңгеге алдап кеткен

/
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 2 млн теңгеге алдап кеткен
Ақтау қаласы ДП

Ақтау қаласының тұрғыны өзін жоғары оқу орнына жазғы семестрге ауыстыруға көмектесетін делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ақша иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 350 000 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Ақтауда жергілікті тұрғын WhatsApp мессенджері арқылы бірнеше азаматпен байланысқа шығып, өзін жоғары оқу орнына жазғы семестрге ауыстыруға көмектесетін делдал ретінде таныстырған. Осылайша ол олардың сеніміне кіріп, Kaspi қосымшасы арқылы аударылған 2 350 000 теңге көлеміндегі қаражатты иемденген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ол Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары