Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге ауруханаға жатқызылды

/
Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге ауруханаға жатқызылды

Танымал әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті әншіге көршілерінің шағым түсіргенін мәлім етті. 

«Полицияға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарынан олардың көршісі агрессивті мінез көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқаны туралы арыз түсті. Учаскелік инспектор дереу оқиға орнына барды. Ақпарат расталды: ер адам өзін ерсі ұстап, агрессия танытып, айналасындағылардың тыныштығын бұзған», – деп хабарлады полиция.

Одан кейін ер адам медициналық тексеруге жіберілді. Сараптама оның психоактивті заттардың әсерінен осындай күйге түскенін көрсетті.

«Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және қайталануы мүмкін құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін ол 15 тәулікке мамандардың бақылауымен арнайы медициналық мекемеге орналастырылды», – делінген полиция жауабында.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған азаматты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда:

  • Азаматтардың тыныштығын бұзу;
  • Психоактивті заттарды қолданып, қоғамдық орында жүру;
  • Тіркеусіз тұру;
  • Қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің наркологиялық орталық маңында мас күйде болған видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Алайда оның менеджері Айдана Ахметбек желіде тараған видео мен ондағы ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандарға шара қолданамыз деп ескерткен еді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары