Ұлттық Банк «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» және «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монетасы күмістен дайындалған, сынама мөлшері – 925. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, дайындау таралымы – 2000 (екі мың) дана.
«БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасы толықтай танталдан дайындалған. Монета аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы қолданылған. Монета массасы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.