Таразда 13 жастағы қызды ер адамдар ұрлап әкетпек болды (ВИДЕО)

/
Таразда 13 жастағы қызды ер адамдар ұрлап әкетпек болды (ВИДЕО)
Скриншот

Таразда белгісіз біреулер 13 жастағы қызды ұрлап кетпек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың баланы көлікке күштеп отырғызуға әрекет жасағаны түсірілген видео жарияланды.  Кадрлар Instagram желісіндегі “Тараз LIFE” парақшасында жарияланған.

Жазба авторының айтуынша, балаға екі ер адам жақындап, оны көлікке отырғызып әкетпек болған. Сол сәтте аялдамада тұрған ер адам араласып, белгісіз тұлғалар оқиға орнынан кетіп қалған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 13 жастағы қызды ұрлау әрекетіне күдіктілер «ізін суытпай» ұсталған.

«Полицияға екі белгісіз адамның аялдамада тұрған қызды автокөлікпен алып кетуге әрекет жасағаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Тараз қалалық полиция басқармасы.

Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген құқық бұзушылық ерекше бақылауда болады және қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылады», – деп атап өтті полиция өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары