Ақмола облысы аумағында полиция қызметкерлері қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерді тексеруді күшейтті. Ерекше назар демалыс аймақтарына, соның ішінде Бурабай курорттық аумағы бағытталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын алу шаралары жол-көлік оқиғаларының алдын алу және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
14 ақпанда Бурабай кентінде қарда жүретін көлік қатысқан жол апаты тіркелді. Салдарынан жолаушы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жүргізуші де дене жарақатын алған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция қарда жүретін көліктер мен квадроцикл иелеріне техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.