Алматыда жер сілкінісі болды

/
Алматыда жер сілкінісі болды
istockphoto.com

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 11 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км. жерде орналасқан.

Алынған деректер өңделуде. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Алматы қ. 2 б.,75 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Түрген ауылы 4 б.,35 км
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. 4 б.,39 км
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Маловодное ауылы 3 б.,44 км
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылы 3 б.,62 км
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Көкпек ауылы 2 б.,77 км
Алматы обл. Ұйғыр ауд. Ж. Қайыпова ауылы 3 б.,45 км
Алматы обл. Кеген ауд. Саты ауылы 3 б.,48 км
Алматы обл. Кеген ауд. Жалағаш ауылы 3 б.,67 км
Алматы обл. Кеген ауд. Кеген ауылы 2 б.,113 км
Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. 3 б.,52 км
Алматы обл. Іле ауд. Өтеген-Батыр ауылы 3 б.,73 км
Алматы обл. Іле ауд. Боралдай ауылы 2 б.,84 км
Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарғалы ауылы 2 б.,115 км
Алматы обл. Жамбыл ауд. Ұзынағаш ауылы 2 б.,123 км
Алматы обл. Ұйғыр ауд. Қырғызсай ауылы 2 б.,136 км
Алматы обл. Ұйғыр ауд. Чунджа ауылы 2 б.,140 км
Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. 2 б.,84 км
Алматы обл. Қарасай ауд. Қаскелең қ. 2 б.,99 км
Алматы обл. Қонаев қ. 2 б.,103 км

Жетісу обл. Кербұлақ ауд. Сарыөзек ауылы 2 б.,136 км

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары