Семейде бұршақ және майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыт пайдалануға берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кәсіпорын «Agrolider KAZ» серіктестігі негізінде құрылған және заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған.
Жылдық шикізат өңдеу қуаты 72 мың тонна болса, жалпы инвестиция көлемі 4,1 миллиард теңгені құрайды.
Осыдан 3 жыл бұрын құрылған компания жарма, ұн және басқа да азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысады. Зауытта түрлі жасымық, зығыр, бұршақ, жүгері, қарақұмық және басқа ауыл шаруашылығы дақылдары өңделеді.
Дайын өнімнің жылдық өндірістік қуаты 800 тонна мөлшерінде болмақ.
Өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа бағытталған. Өнім Еуропа елдеріне, Қытай, Түркия және Африка мемлекеттеріне шығарылмақ.