16 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығыныңалаңында «Біз – жаңа халықтық Конституция үшін» атты республикалық жастар форумы өтті, сондай-ақ «Көшбасшылар мектебі» жастар жобасының басталғаны жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шараға қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, бұл құжаттың қазіргі және болашақ ұрпақтың тұрақты дамуына негіз қалайтынын атап өтті. Талқылау барысында «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен студенттер ассамблеяларының жастары сөз сөйледі.
Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов өзсөзінде тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттіңең алдымен адамның мүддесін қорғау қағидаттарына негізделгенін, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ саясиинституттар құрылымының тиімділігін арттыруғабағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, облысәкімі Негізгі заңға енгізілген өзгерістер жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға бағытталғанына назар аударды.
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Конституцияның жобасы қоғамның түпкілікті мүдделерінің көрінісі екенін, ал жастардың бұл құжатты қолдауы өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Халық кеңесі – жоғары консультативтік органның құрылуы жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына тоқталды.
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков сөз сөйледі. Ол жаңа Конституцияныңжобасы цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы норманың алғашқырет енгізіліп отырғанын атап өтті. Өмірі мен жұмысы интернетпен тығыз байланысты жасұрпақ үшін бұл сенімді құқықтық қалқанжасайды, ал дербес деректерді, желідегі цифрлықактивтерді қорғау конституциялық нормағаайналады.
Форум барысында облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Равиль Юнусов, Студенттік Ассамблеялардыңжетекшісі Александр Урмашов, ҚазақстанРеспубликасындағы Адам құқықтары жөніндегіуәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастарқұқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесіАлина Калишева, Риддер қаласындағы«Ассамблея жастары» өкілдігінің жетекшісі Эдуард Рынк сөз сөйледі.
Форумға қатысушылар жаңа Конституция жобасында көрсетілген шығармашылықмүмкіндіктерді кеңейту, авторлық құқық пен цифрлық қауіпсіздікті қорғау, құқықтық қорғалу және әділеттілік кепілдіктері, экологиялықжауапкершілік мәселелері туралы да пікір алмасты.