Алматыдағы бақта бәйшешек гүлдеді

/
Алматыдағы бақта бәйшешек гүлдеді
Алматы әкімдігі

Алматыдағы Бас ботаникалық бақта көктемнің хабаршысындай болған бәйшешектер гүл аша бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандардың айтуынша, биыл алғашқы гүлдер қаңтар айының өзінде байқалған, ал жаппай гүлдеу ақпанның ортасында басталды.

Бәйшешек – нәзік әрі сирек кездесетін ерте гүлдейтін өсімдік. Бақ әкімшілігі келушілерден көгалдар мен гүлзарларды баспауға, гүлдерді жұлмауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.

Көктемнің алғашқы гүлдері жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлап, табиғаттың жаңаруын айшықтай берсін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары