Алматылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

/
Алматылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының оқушыларынан құралған команда 10-13 ақпан күндері Астана қаласында өтіп жатқан робототехникадан халықаралық чемпионатта жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

FIRST LEGO League Explore санатында «Alem Innovators» командасы басты марапат — Champions Award Winner атағын иеленді. Команда құрамында: Айша Кенжебай, Нұрберген Жәнібек, Досан Дәулет және Омар Ерланұлы. Жетекшісі — Айдана Аманбекқызы Ермек.

Бұл жеңіс алматылық оқушыларға АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST әлемдік финалында Қазақстан атынан қатысуға жол ашты.

Чемпионатқа 7 елден 3000-нан астам оқушы қатысуда. Алматы атынан «Kazbots» және «Alash» командалары да бақ сынап жатыр. Қалған санаттар бойынша қорытынды нәтиже алдағы күндері жарияланады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары