Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінің алдында 500-ге жуық жас жиналып, алматылық Михаил Шайдоровты Олимпиада чемпионы атануымен құттықтауға арналған қоғамдық-патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жастар қолдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұстап, чемпионның бейнесі бейнеленген арнайы баннермен бірге бейнеқұттықтау жазды.
Бұл — жай ғана құттықтау емес. Бұл — алматылық жастардың бірлігі, ел жетістігіне деген шынайы қуанышы мен ортақ мақтанышы.
Мұндай жеңістер жастарға сенім, жігер және үлкен мақсаттарға ұмтылуға шабыт береді.
Біз әрқашан ел намысын қорғаған спортшыларымызды қолдаймыз», - делінген хабарламада.