Жетісу облысындағы дүкенде газ жарылды

/
Жетісу облысындағы дүкенде газ жарылды
ТЖМ

Жетісу облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай кеше кешкісін болған. Оқиға орнына департамент өкілдері жедел жетіп, 27 жеке құрам қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды.

Жарылыс салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатыры ішінара құлаған. Зақымданған аумақ шамамен 36 шаршы метрді құрады.

Үш адам жарақат алып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр, тұрақты, есін біледі.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ ауыл әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы дүкендегі жарылысқа және апатты-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде уақытша су беру тоқтатылатынын хабарлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары