"Тілімді қышытқан өздерің": Жігер Ауыпбаев сүйіктісін әжуалаған ақынға жауап берді

/
"Тілімді қышытқан өздерің": Жігер Ауыпбаев сүйіктісін әжуалаған ақынға жауап берді

Әнші әлеуметтік желіде өзіне қарата әзіл-қалжың түрінде айтылған әжуаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол алдымен өзіне жолданған видеоны жүктеген. Онда әншімен құрдас азамат ергежейлі атты (пони) ұстап тұрып ұйқас қууға тырысқан.

"Ауыпбаев Жігер құсап, өте кішкентайларды сүйемін мен", - деп айтқан видеодағы ер адам.

 Ал оның айналасындағылар қарқылдап күлген. Бұған намыстанған әнші де үнсіз қалмапты.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. Амансыздар ма? Мына жан-жақтан айтылып, жазылып жатқан пікірлер аз болғандай, енді ақындар да мені әңгіме қылыпты. Негізі мен де төрт ауыз сөздің басын құрай аламын. Ендеше сол өздерінің тілінде мен де жауап берейін: Сексен сегіздер деген шығыпты ғой. Менің кішкентайыма күліпті ғой. Қазақтың атқа мінер ақындары. Ұялмай пониға да мініпті ғой. Ақын бослаң, алысқа барсаңдаршы. Сахнада жұлдыздай жансаңдаршы. Жігіттің жас сұлуын өсек қылмай. Пониды жетістіріп алсаңдаршы-ей", - деді Жігер Ауыпбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары