«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен блогер Жан Ахмадиевке сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Жанымдағы жігіттің айтқаны ғой: "Аға, шынымды айтсам, сізді өлтіріп қояма деп қорықтым. Талып жатқаныңызда үстіңізге шығып алып, төпелеп, тоқтаусыз ұрып жатты. Сосын полиция шақырдым" деп. Полиция шақырған менің тарапым, таяқ жеп, жерде жатқан да мен болғаныма қарамастан полиция мені алып кетті. Қасымдағы көмекшімнің сөзінше, ол полиция келіп жатқан кезде де мені ұрып жатқан. Сол кезден бастап-ақ ол кісінің таныр-тамыстарын қоса бастағаны белгілі болды", - деді жәбірленуші.
Сондай-ақ ол бүгінде оқиға жайлы басқа әңгімелер өрбіп жатқанын айтты.
"Уақыт өте келе бәрі жасқарады. Адам өлген жоқ қой. Қолымыз да, бетіміз де жазылды" деген ой болмайды емес болады ғой. Той-домалақта отырып алып, мені жамандайтын әңгімелерін де естіп жатырмын. Болған оқиғаны бұрмалап жүр. Ел жұртқа өз нұсқасын сенімді түрде айтып жүр. Екі айдай болды іс әлі созылып жатыр", - деді ол.
Бұл оқиғаға қатысты Ғалымжан Сүлейменнің қорғаушысы Инга Иманбай да пікір білдірген.
"Тергеу барысы объективті түрде созылып кетті. Себебі 107 бап деген заң нормаларына сәйкес екі аптада, ұзаса бір айда сотқа жетеді. Бірақ бізде олай болмай тұр. Шындығы керек соған қарағанда Мұқасан мырзаның бір ықпалды, сенетін адамы бар деп санаймын. Оның тергеуге де ықпалы бар деп ойлаймын. Оның өзін кінәлі сезінгенін немесе іс-әрекетіне өкінгенін көрген жоқпын. Мұқасан мырза сенері бар адам болып жүр", - деді Инга Иманбай.